Ресейліктердің тең жартысынан астамы елі дұрыс емес бағытқа қарай кетіп барады деп есептейді. Бұл туралы 31 қаңтарда “Левада” әлеуметтік зерттеулер орталығы жариялады.
Ресейліктердің 42 пайызы ел саясатын қолдаса, 45 пайызы биліктің іс-әрекеті мүлдем дұрыс емес деп есептейді. 12 жылда бірінші рет “Левада” орталығы жүргізген сауалнамада "ел тура бағытта жүріп бара жатқан жоқ" деп есептейтіндер саны басым болған. Әлеуметтанушылардың айтуынша, осыған дейінгі сауалнамалардың жауабы дәл бұндай болған емес.
Бұдан бөлек әлеуметтік сауалнамада Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев үкіметінің беделі жайында да сұралған. Сауалнамаға қатысқандардың басым көпшілігі үкімет жұмысына көңілі толмайтынын және Мемлекеттік Дума жұмысын қолдамайтынын айтқан. Ал президент Владимир Путиннің қызметін үштен екісі қолдаса, қалғандары оның саясатына қарсы екендіктерін жеткізген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды