Жапония Қорғаныс агенттігі Қорғаныс ғылыми-зерттеу орталығы сәрсенбі күні зерттеу қорытындысын жария етті. Онда Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасы Қытай лидерлігіндегі халықаралық тәртіпті құруға жәрдемдесетінін алға тартқан. Әрі, бұл АҚШ пен Оңтүстік Шығыс Азия елдері Ассоциациясының және басқа елдер мен ұйымдардың қырағылығын арттыруға итермелейтінін айтады.

Сонымен бірге, жапондық сарапшылар Қытайдың Шығыс Қытай теңізі мен Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери қуат мен мәртебесін күштеп өзгертуі мүмкін деген болжамды ортаға салған.

Жапония Қорғаныс ғылыми-зерттеу орталығы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасымен, жыл сайын Қытайдың әскери қуаты және басқа да аспектілеріне талдау жасап, «Қытай қауіпсіздік стратегиясы туралы есепті» жариялап отырады. 2019 жылғы есепте Қытайдың Азиядағы халықаралық тәртіпке болған ықпалы басты тақырып етілген.

Жапон сарапшыларының айтуынша, Ши Жинпиң режимі міндеттеген стратегияның екі негізгі ядосы бар. Біріншісі – әлемдегі екінші ірі экономиканың күшіне сүйенеді, яғни, экономикалық дамуды ынталандыру, Аймақтық және халықаралық тәртіпті қалыптастыруда жетекші рөлге ұмтылу. Екіншісі – «негізгі мүдделерге», соның ішінде аумақтық егемендік құқығына қысым жасау және ырықтылыққа қол жеткізу үші жедел артып келе жатқан қорғаныс қуатына сүйену.

Баяндамада Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі әскери әрекеттері мен Филиппин, Вьетнам секілді елдермен болған теке-тіресі көбірек айтылады. «Экономикалық дипломатиямен» бастамашылыққа ұмтылу секілді Қытайдың халықаралық стратегиясын талдап көрсеткен.

Жапония Қорғаныс ғылыми-зерттеу орталығы «Қытай қауіпсіздік стратегиясы туралы есепті» әр жолы жапон, ағылшын және қытай тілінде жария етеді. Әрі, бұл ғылыми және қоғамдық пікір ретінде жарияланады, Жапония үкіметінің немесе Қорғаныс министрлігінің пікірін білдірмейді.

“The Qazaq Times”