«Мені өлтіруге Трамп бұйрық берген». Бұндай мәлімдемені Венесуэла президенті Николас Мадуро ресейлік ақпарат агенттігіне берген сұхбатында. Венесуэла президенті еліндегі дағдарысқа байланысты АҚШ президенті Дональд Трампты айыптайды.
Мадуро сөзінде: «Трамп мені өлтіруге бұйрық берген. Егер мен қандай да бір жағдайға ұшырасам бұған АҚШ пен Колумбия президенті жауап береді», – деген. Президент Мадуро Ресейдің жалдамалы әскерлерінің Венесуэлада президентті қолдап отырғаны туралы мәлімет беруден бас тартқан.
Венесуэлада қаңтардың орта шенінен бері әлеуметтік толқулар басылмай келеді. Елде демократияны жақтаушы күштер президент Мадуроның орнын босатуын талап етуде. Ұлттық мәжілістің төрағасы Хуан Гуайдо өзін уақытша үкіметтің басшысы ретінде жариялағаннан кейін елде қақтығыстар, ереуілдер жиіледі.
Құрама Штат билігі Николас Мадуроға оппозицияға қарсы қарулы күш қолданса бұның жауапсыз қалмайтынын ескертті. Қазір елдегі екіге жарылған биліктің президентке қарсы тарабын Колумбия, Перу, Эквадор, Парагвай, Бразилия, Аргентина, Чили, Панама, Коста Рика, Гватемала қатарлы латын америкалық елдермен бірге АҚШ, Канада, Аустралия қатарлы елдер қолдап отыр.
Ал, президент Николас Мадуроға Ресей, Қытай, Мексика, Куба, Түркия және Боливия елдері қолдау көрсетуде.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау