Италия президенті Серджо Маттарелла елдегі зейнеткерлік жасын төмендетуге қатысты жаңа заңға қол қойды. Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады.
Енді биылдан бастап отыз сегіз жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге зейнетақы «Квота 100» бағдарламасы аясында қарастырылады. Яғни 29 жасқа толмай қызмет еткен ерлер мен әйелдер 62 жаста зейнетке шығады. Бұған дейін заң бойынша ерлер үшін 67, ал әйелдер үшін 66 жас зейнет жасы ретінде белгіленген.
2011 жылы Италияда экономикалық дағдарыс орын алып, зейнеткерлік жасы 67-ге дейін ұлғайтылған болатын. Соңғы жылдардағы Италиядағы саяси дағдарыстың ең басты себебі, парламенттегі басым орынды ешбір партия немесе альянстың жеңіп алмауы деп санайды сарапшылар. Бұл Италия парламентін қауқарсыздыққа алып келіп, соңында ұзақ жылға созылған саяси дағдарыстар мен экономикалық қиыншылықтарға ұшыратты. Салдарынан Еуроаймақтың үшінші үлкен экономикалық аймағы ауқымды саяси тұрақсыздыққа тап болды. Былтыр осы мәселеге қатысты жиын өтіп, Еурокомиссия Италиядан алғаш рет бюджет жобасын толықтыруды талап етті. Рим әлеуметтік бағдарламаларға қатысты бюджет көлемін 0,9%-ға ұлғайтуды ұсынғанмен, Брюссель оны кері қайтарды. Себебі, екі тарап ұсынысындағы айырмашылық 25 миллиард еуроға жеткен.
Қазірдің өзінде Италия жұмыссыздық индексі бойынша ЕО елдері арасында үшінші орында. Елдегі қаржылық дағдарысты және жұмыссыздық деңгейін қалыпқа келтіру үшін президент Маттарелло жаңа реформа қабылданатынын мәлімдеді. Сонымен қатар, шәкіртақы, зейнетақы және әлеуметтік көмекке бөлінетін қаржы артады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті