Ирплания королі Ирактың Күрд автономиясының басшысы Месут Барзаниді қабылдады. Бұл туралы ақпарат құралдары Барзанидің интернеттегі ресми парақшасына сілтеме жасай отырып хабарлаған.
Иордания королі Абдуллах II мен Барзани Иорданияның орталық қаласы Амманда кездескен. Мәліметтерге қарағанда, Иордания королі мен Күрд автономиясының басшысы аймақтағы жаңа саяси жағдайларды талқыға салған. Өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық және даму тақырыптарында кеңескен.
Кездесуден кейін тараптар терроризмге қарсы ортақ күресті қолға алатынын мәлімдеген. Король Абдуллах II мен Барзани арасындағы кездесуге Ирактың бұрынғы СІМ басшысы және қаржы министрі Хошяр Зебари мен Иорданияның тақ мұрагері Фейсал ибн Хусейн де қатысқан.
Иордания королінің Ирактағы күрд автономиясының жетекшісін қабылдауына АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның аймақтағы сапары тікелей себеп болды деуге негіз бар. Ирак, Сүрия және Түркия мен Иранның кейбір өңірлерінде жасап жатқан 40 миллионнан астам күрдтер дербестік жолындағы күрестерін барған сайын күшейтіп келеді. Сүриядағы күрд қарулы күштері АҚШ-тың ДАИШ-ке қарсы одақтастарының бірі болған. Анық мәлімдеме жасамағанымен, АҚШ-тың өңірдегі қадамдары күрдтердің дербестігін белгілі дәрежеде қолдайтынын аңғартады.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес