Қырғызстанға көмек деген желеумен Финляндия бюджетінен қаржы жымқырылған. Қазіргі таңда аталған іске қатысты тергеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Yle басылымы хабарлап отыр.
Бейтаныс алаяқтар БҰҰ-ның желісін бұзып, Финляндия Сыртқы істер министрлігіне БҰҰ-ның атынан хат жолдаған. Онда Қырзстанның құқықтық жүйесін дамыту үшін 400 мың еуро бөлуді ұсынып келісіп те үлгерген.
Финлияндия шенеуніктері аталған хатқа күмән келтіріп, бірден полиция қызметкерлеріне хабарлап, алаяқтардың есепшотын бұғаттады. Қомақтың қаржының бір бөлігін Фин Сыртқы істер министрлігі қайтарып алғанымен, 170 мың еуроны алаяқтар жымқырып үлгерген.
Қазіргі таңда Финляндия орталық криминалды полициясы бұл істің артында ұйымдасқан қылмыстық топ тұр деп болжап отыр. Сонымен қатар, қатысы болуы мүмкін деген үш адамның аты мен қай елдің азаматы екендігі де тергеу жұмысына енгізілген. Алайда, бұл туралы құқық қорғау орындары жақ ашып айтар емес. Бірақ, аталған азаматтар тек ақша жымқырды деген күдікке ілінген. Ал, мұндай қомақты қаржыға кімнің ие болуы мүмкін екендігі әзірге белгісіз.