Киевтің Облон аудандық соты Украинаның экс-президенті Виктор Януковичті мемлекетке опасыздық жасады деп таныды.
Сотқа жіберілген құжаттардың бірінде 2014 жылдың бірінші наурызында Янукович Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге Украина шекарасына әскер кіргізіп, оккупация арқылы басып алу туралы өтініші көрсетілген.
Бұдан бөлек Луценко Украинаға әкелген зардап төңірегінде де сөз қозғады. Украина Қауіпсіздік қызметінің тарауы, елдегі ақпараттық қауіпсіздіктің жойылуы, экономикаға әкелген зардабы және жау тарапына өтіп, Украина шекарасының біртұтастығын сақтап қала алмағаны үшін айыптап отыр.
Алайда, тіс қаққан саясаткер мен оның қорғаушысы Ресей басшысына ешқандай мұқтаждық хатын жібермегенін айтып ақталуда.
Бұған дейін бірніше айға жалғасқан тергеу кезінде Украинаның қазіргі президенті Петр Порошенко, экс-премьер Арсений Яценюк, Жоғарғы рада спикері Андрей Парубий, ІІД басшысы Арсен Аваков және Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Александр Турчино куәгер ретінде тергеуге араласқан. Әуел бастан осы тақырып төңірегінде 89 рет сот отырысы өтті. Алайда, әркез соңғы сөзін айту үшін шақырылатын экс-президент бейнеконференцияға сол күйі шыққан жоқ.
Янукович 2014 жылы Ресейдің уақытша пана беруіне байланысты Украинадан қашқан болатын. Ал, оның тергеу жұмыстары өткен жылдың маусым айында басталған.
Естеріңізге сала кетейік, Украинадағы саяси дағдарыс 2014 жылы Еуроодақ ассоциациясына Виктор Януковичтің қол қоймауынан кейін пайда болды.Осы тұста халық Киевтегі Майданда жаппай наразылық шеруіне шығып өздерінің қарсылықтарын көрсетті. Бұдан кейін Янукович пен оның жақтастары қарапайым халыққа оқ атып 100-ден астам адам құрбан болған.
Қазіргі таңда кінәләуші тарап Виктор Януковичті 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бірақ, саясаткер өзінің кінәсін мойындамауда.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі