Facebook компаниясы жалған ақпараттармен күресуді қайта қолға алды. Ғаламдық аудиторияға сенімді, тексерілген жаңалықтар тарататын ақпарат көздерін анықтау мақсатында ресейлік акаунттарды қатаң тексеруден өткізген.
Осыған байланысты компания постсоветтік елдердегі желі қолданушыларына жалған хабар таратумен айналысқан жүздеген парақшалар мен аккаунттарды бұғаттады. Ресми түрде жойылған топтардың Ресейдің "Sputnik" ақпарат агенттігімен тікелей байланысы бар екендігі анықталды.
Сарапшылар Facebook қолға алып отырған шара Ресейдің АҚШ-тағы президент сайлауында қоғамдық санаға әсер ететін посттар таратуға қатысқаны және өзге де мемлекеттердегі ақпаратты бұрмалағаны үшін жауап дейді. Енді осындай шаралар арқылы ресейлік фейк аккаунттармен күрес жүргізіледі. Жуырда Twitter компаниясы да 2016 жылғы сайлау кезінде АҚШ аумағындағы 677 қолданушы Ресей боттарынан таратылған ақпараттарды бөліскенін анықтаған болатын.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?