Бішкекте  «Super Info» газетінің және «Super.kg» ақпараттық порталының журналистері «Мен полицияның зорлық-зомбылығына қарсымын» деген плакаттармен митингке шығып,  қалалық полиция бөліміне барды.

Олар кеше Ала-Тоо алаңындағы наразылық акциясы кезінде ұсталған әріптестеріне қолдау көрсету мақсатында осындай әрекетке барып отыр.

"Біз журналистерді митингте ұстау кәсіби міндеттерін орындауға кедергі деп білеміз.  Полиция әріптестеріміздің құқықтарын заңсыз шектеді ", - деді Super.kg  порталының директоры Бақтыгүл Сокушева.

Айта кетейік, кеше елорданың орталық алаңында қытайлық экспансияға қарсы наразылық акциясы өтті. Ереуілге шыққандар бірнеше талап қойды, атап айтқанда, халықты бақылауды жүзеге асыру, қытайлық азаматтар үшін визаның санын қысқарту, Қытайдан алынған несиелерді тексеру және қаншалықты тиімді екенін анықтап, тиімсіз болған жағдайда арнайы комиссия құрып, ақшаның қайда кеткенін нақтылау. Сондай -ақ, олар қырғыз қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуына тыйым салуды да талап етті. Тұрмыс құрған жағдайда, ерлі-зайыптылар айыппұл төлеуі тиіс дегенді алға тартты. Сонымен бірге, паспорттағы "Ұлты" деген бағанды қайтаруды талап еткен еді. Полиция митингке шыққан халықты тарату кезінде екі телеарнаның қызметкерлерін ұстап әкеткен.

"The Qazaq Times"