АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Болтон Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға Қытай инвестициясынан сақ болу туралы ескертті. Болтон бұл мәлімдемесін Израильге жасаған ресми сапары кезінде ортаға салған.
Jerusalem Post басылымының хабарына қарағанда, Болтон Қытайдың Израильге салған инвестицияларынан, әсіресе Хайфа портына бағыттаған инвестициясынан сақ болуды ескертеді.
Қытайдың үкіметтік қолдауына ие Шанхай Халықаралық порт груп (SIPG) 2015 жылы Израиль үкіметі жариялаған тендерін ұтып алып, Хайфа портын салу және 25 жылға дейін иелік ету құқығына ие болған. Аталған порт құрылысы 2021 жылы аяқталады деп күтілуде. Алайда, АҚШ-Қытай қарым-қатынасының салқындауына байланысты Уашингтон тарабы Қытайдың шетелдегі инвестициясынан алаңдайды.
Хайфа Порт - АҚШ теңіз флоты жиі пайдаланатын маңызды порт. Сондықтан да, Құрама Штат тарабы Қытай аталған порттан пайдаланып АҚШ теңіз флоты туралы мәліметтерді ала алады және Орта Шығыстағы өз ықпалын кеңейтеді деп алаңдайды.
Алайда, Израильдің Порттарды дамыту және қазына компаниясының атқарушы төрағасы Рам Белников израильдің «Жаһан» басылымына берген сұхбатында АҚШ-тың алаңдаушылығын теріске шығарады. Оның айтуынша, аталған компания мен Қытай тарабы арасында қол қойылған келісімшарт құпия қауіпсіздік қосымшасын өз ішіне қамтиды. Олардың арасында Қытайдың Израиль қауіпсіздігін құрметтеуге берген уәде бар. Бірақ, аталған басылым Израиль Қорғаныс министрлігі мен Қауіпсіздік кеңесі бұндай келісімшарттан хабарсыз екенін жазады.
Жақында Израиль үкіметі Қытай тарабының порт құрылысы мен оны басқаруды қалай қамтамасыз ететінін бағалау қорытындысын жасап, бұл мәселенің АҚШ пен Израиль қарым-қатынасына кері әсер көрсетпейтінін растаған.
Соның өзінде АҚШ теңіз күштері Алтыншы теңіз флоты ендігі жерде Хайфа портын пайдалануды тоқтатуы мүмкін екенін хабарлаған. Бірақ, аталған теңіз флотының ресми өкілі жасаған мәлімдемеде: «Алтыншы теңіз флоты Хайфа порты арқылы қатынауды жалғастыра және Израильмен теңіз әскери оқу-жаттығуларын тоқтатпайды», – деген. Мәлімдемеде: «Біздің Израильмен мәмілеміз өзгерген жоқ. Израиль әлі де біздің сенімді сергіміз. Бірақ, 2021 жылы не болатынын болжай алмаймыз, 2021 жылы қандай шешім қабылдайтынымызды айта алмаймыз», – делінген.
Болтон Израиль сапары кезінде Қытай технологияларының қатері туралы да ескерту жасаған. Ол China Telecom компаниясының Huawei және ZTE жабдығы қауіпсіздікке қатер төндіреді деп айыптаған. Бірақ, аталған қытайлық компаниялар бұл айыптауларды жоққа шығарады.