Кеше Арқа төсінде кетіп бара жатқан құтпан жылының құтын асырған білікті дәрігер, белгілі кәсіпкер, ақын Толқын Ақанұлы жаңа жыл қарсаңында өзінің құзырында қызмет атқаратын төрт азаматтың еңбегін бағалап, Астана іргесінен әр қайсысы 15 мың долларлық үй салатын жұрттың АКТ-сын, сонымен қатар төрт отбасыға шетелге демалыс жолдамасын сыйға тартты. Тапқанын шашып жейтін сұңқар текті азаматтың бұл өнегесі талайларға ой салары анық.

Толқын дәрігер осы уақытта дейін талай шаңыраққа қуаныш сыйлап, денсаулығы сыр берген жандарды ауруынан айықтырды. Қашан да өзінің орнына лайық жұмыс жасайтын, алдына көмек сұрап барған жанның меселін қайтармайтын, қоғамға қызмет етуде қарапайым адамгершілік ұстанымды жоғары қоятын ақ халатты абзал жан екендігін көрсетіп, алғыс алып келеді. Халыққа медициналық қызмет көрсету жүйесінде өз қолтаңбасын қалдырған дәрігерге емделуге келетін сырқаттардың санында шек жоқ. Толқын Ақанұлы емдеп, аяғынан тік тұрғызған кісілер еліміздің түкпір-түкіпірнде бар.

Айта кетейік, Толқын Ақанұлы «Табиб» халық емшілер Қауымдастығының және Денсаулық сақтау министірлігі «ҚР халық және рухани емшілер мекемесінің» толық мүшесі. Халықаралық «Экология» Академиясының Академигі. Сондай-ақ ҚР халықтың денсаулығын сақтау ісіндегі ерекше еңбегі үшін жоғарғы медальінің иегері.

"The Qazaq Times"