Әлем жыл сайын емес, сағат сайын түрленіп, адамзаттың өмірін түбегейлі өзгертіп даму үстінде. Жыл сайын ғылыми-техникалық революциялар жасалып, тарих беттерінен ойып орын алған оқиғалар да аз емес. Мұнда 2018-дің де өз үлесі бар. Сол себепті, біз бүгін 2018 жылы әлемді өзгерткен 10 жаңалыққа шолу жасап көрдік. 

 Ақылды сағат (smartwatch) адамдарға эпилепсиямен өмір сүруге көмектеседі

Embrace - бұл медициналық құрылғы, алайда бұл үстіңгі беті әдемі және ауыстыруға болатын бауы бар сәнді аксессуарға ұқсайды. Ол терідегі көрінер-көрінбес тердің өзгерісін өлшейді. Яғни, тердегі өзгерістерді бақылау арқылы эпилепсиялық талпыныстардың бар-жоғын анықтай алады. Құрылғы автоматты түрде іске қосылып, қызыл түспен жарқылдайды. Аталған құрылғы ақпан айында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасымен  мақұлданған алғашқы смарт-бақылаушы сағат. Бұл дивайсты жасаушылар енді аутизм секілді басқа ауруларға бейімдеп шығаруды қолға алып отыр.

Жасанды интеллект дәрігерлерге диагнозды дұрыс қоюға мүмкіндік беруде

Google-дан қолдау тапқан DeepMind компаниясы жақында Ұлыбританияның Денсаулық сақтау қызметімен серіктестік құрып, емделушілердің деректерін пайдаланды. Бұл жағдай емделушілер тарапынан алаңдаушылық туғызғанымен, жақсы нәтиже берді. Мәселен, Лондондағы Moorfields атты көз ауруын емдейтін ауруханада өткізілген сынақ барысында DeepMind компаниясының жасанды интеллекті сканерлеу кезінде 94,5 пайызында көз ауруларын дұрыс анықтаған.

Соңғы 55 жылда физика бойынша Нобель сыйлығын алғаш рет әйел адам алды

Жалпы, бұған дейін тек үш әйел физика бойынша Нобель сыйлығының иегері атанған. Бұл осы сала үшін көптен күткен жеңіс болды. Канаданың Ватерлоо университетінің ғалымы Донна Стрикланд кішкентай бөлшектерді зерттеу үшін күшті лазерлерді пайдаланған. Осы жұмысы үшін Нобель сыйлығына лайықты деп танылған.

Масалар безгекті жоюға көмектеседі

Генетикалық түрлендірілген масалар безгек ауруын жоюға көмектеседі. Безгектен жылына жүздеген мың адам қайтыс болады екен. Буркина-Фасодағы жобасын жасаушылар  ДНК-сы өзгертілген 10 мың жәндікті бостандыққа жіберген. Ал олардан безгек ауруына жол бермейтін  не тасымалдамайтын еркек ұрпақ тарайды. Ғалымдардың айтуынша, бірнеше ұрпақ ауысқанда безгек ауруының саны күрт төмендейді.

Құрсақ трансплантациясынан дені сау бала дүниеге келді

5 Желтоқсан күні қайтыс болған адамның құрсағы транплантацияланған әйел өмірге дені сау қыз бала әкелді. Ота 10 сағатқа созылғанымен, сәтті болды. Бұл тәжірибе бұған дейін он рет жасалған, алайда сәтсіз болған. Ғалымдардың айтуынша, бұдан былай тууға қабілетсіз әйелдер тірі донорларға жүгінбей ақ, трансплантация арқылы табиғи жолмен өмірге сәби алып келуге мүмкіндіктері бар.

Заманауи технология тайлық футбол командасын құтқарды

Шілде айында бүкіл әлемнен жүздеген адам Тайландтағы су тасқыны салдарынан үңгірде қалып кеткен жасөспірімдер футбол командасын құтқару үшін жиналған еді. Британдық дайверлер ескі және жаңа технологияларды, соның ішінде дрондарды, AI-қуаттылығы бар рацияларды және ұлдардың қауіпсіз шығу үшін сорғыларды пайдаланды.

Канада марихуананы заңдастырған екінші мемлекет болды

Канада марихуананы заңдастырған Уругвайдан кейінгі екінші мемлекет болды. Көп елдер аталған есірткі түрін әлі де заңдастыра қоймаған. Себебі, әлі де бір шешімге келмеген, қарама-қайшылықты болып отыр. Канадалық ғалымдардың айтуынша, бұл жаңа өндіріс саласының пайда болуына әкеледі. Яғни, бизнесті дамытуға септігін тигізеді. Сондай-ақ, зерттеушілер марихуананың адам ағзасына әсерін зерттемек.

Непалда жойылып бара жатқан жолбарыстар саны екі есе өсті

 2009 жылы Непалда тек қана Бенгал жолбарыстарының 120-сы ғана бар еді, бірақ сол уақыттан бері бұл көрсеткіш шамамен екі есе өсті. Ел үкіметі 2022 жылға қарай екі есе көбейтуді мақсат етіп қойған. Мұндай нәтижеге Парса ұлттық паркін кеңейтіп, әрдайым қадағалап отыратын мамандар санын көбейтіп, сонымен қатар тұрғындардың орман өнімдеріне тәуелділігін төмендету арқылы жеткен.

Химия саласындағы даму пластикпен ластану проблемасын шешуге мүмкіндік береді

Бір рет қолданылатын пластикалық пакеттің жойылуы үшін 450 жыл кетеді. Алайда, АҚШ-тың BioCellection компаниясы платикалық пакетті небары үш сағатта жоюға болатынын айтып отыр. Фирманың негізін қалаушы Миранда Ян мен Дженни Яо полиэтилендегі ұзын молекулаларды майда бөліктерге бөлетін сұйық катализатор дайындады. Аталған сұйықтықты таза не ластанған пластикалық пакеттерге қолдаунуға болады. Аталмыш компания өз қызметін бұдан әрі дамытуды көздеп отыр.

Ауруханалар өздерінің фармацевтикалық компаниясын құрды

Америкалық ауруханалар дәрі-дәрмектің қымбатшылығымен күресу үшін өздерінің фармацевтикалық компаниясын құрды.  «Civica Rx» жаңа компаниясы 2018 жылдың қаңтарында құрылған еді. Елдегі ауруханалардың үштен бірі қызығушылық білдіріп, компанияға серіктес болуға келісім берген. Аталған компанияның Бас директоры Мартин Ван жалақыдан бас тартып, бар қаражатты патенттелмеген 14 дәрі-дәрмекке жұмсайтынын айтқан.

"The Qazaq Times"