Германия үкіметі жексенбі күні мәлімдеме жасап, Қытайда тұтқындалған канадалықтар туралы алаңдаушылық білдірді. Содан бір күн бұрын Канада үкіметі Еуропалық Одақты Қытайда тұтқындалған азаматтарын босату туралы талабын қолдауға шақырған болатын.
Германия Сыртқы істер министрлігі өз мәлімдемесінде, канадалық бұрынғы дипломат Каң Миңкай мен бизнес-кеңесшісі Майкл Спарвеллдің ісіне ерекше назар аударып отырғанын айтқан.
«Біз Қытайда тұтқындалған канадалық екі азаматтың ісінде саяси астар бар болуы мүмкін деп алаңдаймыз. Біз қатысты үкіметтердің заңға бағынуын, ережелерді толық сақтауын үкімет етеміз», – деген неміс Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.
Сенбі күні мәлімдеме жасаған Канаданың СІМ басшысы Крстиа Фриланд: «Қытай үкіметінің канадалық бірнеше азаматты тұтқындау тек Канаданың ғана ісі емес», – деген болатын. Ол Қытай тарабын тағы бір рет Канадалық азаматтарды босатуға шақырды және Канаданың одақтастарын бұл іске назар аударуға шақырды.
«Бұл біздің барлық одақтастарымыздың көңіл бөлуге тиісті ісі. Біз бұл мәселені барлық одақтастарымызбен және бүкіл әлемдегі серіктерімізбен талқылап келе жатырмыз», – деді Фриланд ханым.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді