26 жетолқсан The New York Times – «Нью-Йорк таймс» газетінің сайтында әлемдегі ядролық жағдайдың сараптамасы жария етілген болатын. Онда қазіргі әлемдегі ядролық елдер және олардың ядролық қару мөлшері анық көрсетілді. 

Қазір әлемде ядролық қаруға ие тоғыз ел бар. Деседе, Израил мемлекеті өзінде ядролық оқтұмсықтар бар екенін ресми түрде мойындап отырған жоқ. Өзге елдердің мәліметіне қарағанда Израилда 80 дана ядролық оқтұмсықтар бар делінеді.

Әлемдегі ядролық қаруға ие елдер

Ядролық қару және ядросыздану

Қырғи-қабақ соғысынан кейін, АҚШ пен Ресей ядролық қаруларын азайту шараларын жасап келген. Бірақ осы екі алып держава әлі күнге мыңдаған ядролық оқтұмсықтарды сақтап отыр. Өзге ядролық қаруға ие жеті елдің ядролық қарулануы, салыстырмалы түрде, жалпы ядролық қарулардың аз мөлшерін ұстайды.

 

Ядролық қарулардың жалпы мөлшері (1945-2014)

Ядролық қару мөлшері жағынан көшбастаушы елдер, жоғарыда айтқанымыздай АҚШ пен Ресей. Олардың әрқайсысында 7000 дана немесе одан да  көп ядролық оқтұмысқтар бар деп есептеліп келеді. Бірақ екі ел осының төрттен бір бөлегін ғана әлемге ресми түрде жариялап, ал қалғанын резервте сақтап отыр. Не болмаса жасырын атуға әзір күйінде тұрған болуы да мүмкін. Ал Солтүстік Кореяның ядролық мәселесі жалпыға бірдей белгілі. Десе де сарапшылар бұл елдің ядролық оқтұмсықтары онға жетпеуі мүмкін деп болжайды.

Әрқайсы ядролық елдердің ядролық қарулану салыстырмасы

«The Qazaq Times»

Ауд. Естай БОЖАН