Франция Сүрияда терроризмге қарсы күресті жалғастыратын болды. Бұл туралы Франция СІМ мәлімдеді.
Францияның еуропалық істер бойынша министрі Натали Луазо содырлармен күресті жалғастыра беру керектігін айтты. Ол өз сөзінде: «Ислам мемлекеті» сынды ұйымдар жер бетінен толықтай жойылып кеткен жоқ және НАТО елдері үшін қауіпсіздік мәселесі алдыңғы орында. Страсбургте орын алған жағдай да соның айқын дәлелі», – деді. 2015 жылы Парижде орын алған ірі терактіден кейін, Францияда қауіпсіздік шарасы барынша күшейтілген.
Еске сала кетейік, сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін» және «АҚШ әскерінің Сүрияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу» екендігін жазған болатын. 19 желтоқсаннан бастап АҚШ өз әскерін Сүриядан шығара бастады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы