АҚШ-тың талабымен қытайлық Huawei компаниясының қаржы директоры Мың Уанжоу Канадада тұтқындалғаннан кейін, Канада мен Қытай қарым-қатынасы шиеленісе түсті. Қос тараптарда бір-біріне қарсы мәлімдемелер жасалуда. Бір күн бұрын Канаданың Қорғаныс ведомствосының басшысы Жонатан Вэнс мәлімдеме жасап, қазан айында канадалық әскери ұшақтар Солтүстік Кореяға жақын халықаралық әуе кеңістігінде Қытай әскери ұшақтарының қысымына ұшырағанын айтты.
Бұл туралы Жонатан Вэнс Канаданың хабар тарату корпорациясының сұхбатын қабылдаған кезде ортаға салды. Ол бұл істі «Қытай тарабының өрескел әрекеттерінің сериясы» деп бағалаған.
Ол сөзінде канадалық қорғаныс күштері тікелей қауіпке ұшырамағанын, дегенмен, Қытай әскери ұшақтары орынсыз әрекетке барып уақытсыз уақытта канадалық ұшақтарға жақын келгенін айтады.
Канада Қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, CP-140 патрульдік ұшағы, БҰҰ-ның 2375 және 2397 қарарларына сәйкес, Солтүстік Кореяға теңіздегі контрабанда әрекеттерінің алдын алу, әсіресе кемелер арасындағы тауар алмасуды қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізіп жатқан.
Канада тарабының айтуынша, белгісіз бағытта пайда болған Қытай әскери ұшақтары түсініксіз радио байланысын пайдаланған. Вэнстің айтуынша, Жапония, Аустралия және Жаңа Зеландия ұшақтары да аталған операцияларды жүзеге асыру кезінде Қытай әскери ұшақтарының қысымына ұшыраған.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес