Франция Қорғаныс министрлігі «Ислам мемлекетінің» жойылмағанын және олардың әлі күнге дейін халық арасында еркін жүргенін айтты.
Сәрсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің «Twitter» парақшасына «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының күйрегенін» және «АҚШ әскерінің Сүрияда қалуының жалғыз себебі ИМ-ді жеңу» екендігін жазған болатын. 19 желтоқсаннан бастап АҚШ өз әскерін Сүриядан шығара бастады. Осыған қатысты Reuters агенттігіне сұхбат берген Франция Қорғаныс министрі Флоренс Парли: «ИМ» құрамы бұрынғыдан әлсірей түсті. Бірақ, бұл олардың Сүрия жерінен толықтай кеткенін білдірмейді. Олар әлемдік картадан да түбегейлі жойылған жоқ. Сол себепті біз қауіпсіздік шаралары мен күресті тоқтатпауымыз қажет. Террорлық топтардың әлсірегенін пайдаланып, жойып жіберуіміз керек», – деген. Флоренс Парли сұхбатында Францияның Страсбург қаласында орын алған қақтығысты да мысалға алды. 11 желтоқсанда белгісіз біреу Страсбург орталығындағы жәрмеңкеде оқ атып, салдарынан 13 адам жараланған. Франция билігі бұл жағдайды теракт деп атап, 12 желтоқсан Страсбургте аза тұту күні болып жарияланды. Кейіннен адамдарға оқ жаудырған күдіктінің «Ислам мемлекетінің» мүшесі екендігі анықталып, көзі жойылды. Аталған экстремистік ұйым Страсбургтегі шабуылды ұйым содыры жасағаны туралы мәлімдеме таратты. «ИМ» осыған дейін Еуропаның бірнеше елінде болған терактілерді мойнына алған.
2015 жылы Парижде орын алған ірі терактіден кейін, Францияда қауіпсіздік шарасы барынша күшейтілді. Соған қарамастан, соңғы үш жылда бұл елде бірнеше теракт болып, 200-ге жуық адам қаза тапқан.
Айта кетейік, «Ислам мемлекеті» 2013 жылы Сүрия мен Ирак аумағында құрылған экстремистік топ. Олар бірнеше жыл бойы екі ел аумағының негізгі бөлігін басып алып, халифат орнатпақ болған. 2018 жылдан бастап «Ислам мемлекеті» құлдырай бастады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны