Түркия президенті Режеп Тайп Ердоғанның тапсырмасы бойынша шет елдердегі 25 түрік дипломаты ауысты. Бұл туралы Түркияның Resmi Gazete басылымы мәлімдеп отыр.
Аталған ауыс-түйістердің арасында Ресей, Украина және Өзбекстан еліндегі түрік елшісі болған дипломаттар да бар.
Ресей Федерациясына Түркияның жаңа дипломатиялық өкілі болып Мехмет Самсар тағайындалды. Бұрын аталған бұл орынды Хұсейін Лапиз Дириоз басқарған болатын.
Сонымен қатар, Киевтегі түрік елшісі Йонет Жан Тезельдің орнына Шығыс Еуропа бойынша сыртқы істер департаментін басқарған Ягмур Ахмет Гюльдере тағайындалды.
Ал, Өзбекстан еліндегі түрік елшісі Ахмет Башар Шена өзінің орнын Түркия билігінің барлау және серіктестік агенттігін басқарған Мехмет Сүрея Эрге босатты.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы