Deep Carbon Observatory Халықаралық ұйымының ғалымдар тобы бұрын құпия болған эко жүйені анықтады. Салмағы 15-23 миллиард тоннаға дейін жететін микроағзалар адам бойындағы биосалмақтан жүз есе артық.
Су астынан 5 шақырым тереңдікті қазып, литосфера қабатындағы көміртектің құрамын зерттеуге арналған сынама, ерекше құпияға алып келді. Зерттеу қорытындысы бойынша, су астындағы микроағзалардың құрамындағы 70 пайыз бактериялар жер бетінде кездеседі екен. Сонымен қатар, олардың сапасы да өте жоғары болып отыр.
Кейбір микроағзалар су астындағы 2,5 шақырым тереңдіктен табылған. Олар өздерінің өмір сүруі үшін энергияны күн нұрынан алып, түрлі шексіз заттармен тотығады. Осының салдарынан метан бөлетіндігі де зертханадағы тәжірибие кезінде көрсетілген. Метаболизм энергиясы аз қамтылған аймақта өмір сүргендіктен, метаногендер өздерінің көптеген компоненттерін көбею немесе белсенді өмір сүруге емес жасушаларын қалпына келтіруе жұмсайды екен.
Зерттеудің алғашқы қорытындысы бойынша, су астындағы бактериялар шамамен екі миллиард куб шақырымды құрап отыр. Алайда, өздерінің ашқан жаңалығын ары қарай зерттеуге кіріскен ғалымдар, болашақта нақты санын жариялайтындығын жеткізді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау