Қос Корея арасындағы шекара бекеттері бұрынғыдан азайды.
Бекеттерді жою туралы келісімге екі елдің қорғаныс министрлері 19 қыркүйекте қол қойған. Нәтижесінде қос Корея шекарасында орналасқан жиырма шақты күзет бекеті алынып тасталды. Оңтүстік Кореяның ұлттық қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Корей түбегіндегі әскери шиеленісті тұрақтандыру үшін арнайы мамандардан құралған жұмыс тобы бұрын кеден бекеті болған аумақтарды тексеріп шыққан. Енді Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасының әскерилері шекарадағы бақылау бекеттерін қарусыздандыру нәтижесін қарастырады.
Естеріңізге сала кетейік, қыркүйекте Пиоңяң (Пхеньян) саммитінде Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея БҰҰ-ның әскерилендірілген аймағына қарусыздануды күшейтуге бағытталған үшжақты консультативтік топ құруға келіскен. Сондай-ақ, Оңтүстік-Солтүстік Корея келісімі екі тараптың да әскери жаттығуларын тоқтату келісімін қарастырған болатын. Шартта шекара сызығында әскери ұшақтардың ұшуын, қарусыздандырылған аймақта миналарды болдырмау және күзет бекеттерін біртіндеп жою сынды мәселелер қарастырылған.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті