Өзбекстанда 1 сәуірден бастап мобильді телефондардың халықаралық идентификацилау коды (International Mobile Equipment Identity (IMEI) міндетті түрде тіркеуге алынады. Тіркелмеген құрылғыларды қолдануға тыйым салынады.
Ақпараттық технологиялар министрлігі өкілі мобильді құрылғыларды тіркеу әзірге тегін жүргізіледі ме, жоқ па, белгісіз дейді.
Ел үкіметі биыл 22 қазанда мобильді телефондардың IMEI кодын тіркеуге алу жөнінде қаулы шығарған. Олар мұны елде ұялы телефондардың жиі ұрланатыны мен IMEI код арқылы құрылғыны тез табуға болатынымен байланыстырады.
Қазақстанда да абоненттердің IMEI кодын тіркеу жүргізіліп жатыр. 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелмеген ұялы телефондар байланыстан ажыратылады.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды