Ресей Конституциялық соты Ингушетия мен Шешенстан арасындағы аймақтарға қатысты әкімшілік шекара туралы келісімді заңдастарды.

Конституциялық сот отырысына Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуров пен Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров, сондай-ақ Ингушетия халық жиналысының депутаттары шақырылды. Республикада шартқа қол қойылғаннан кейін жаппай наразылықтар орын алды. Шекара туралы заңның қабылдануына қарсы дауыс берген Ингушетия халық жиналысы депутаттар тобының өкілі Андрей Сабинин заңның ел болашағы үшін қауіпті екенін, ал ингуш халқының дүниежүзілік конгресі төрағасы Ахмет Погоров келісімді антиконституциялық және Ингушетияның аумақтық тұтастығын бұзатын шешім деп сынға алды. Сондай-ақ олардың айтуынша, Ресей Конституциялық сотының шешімі күллі Ингушетияны құрту үшін ұйымдастырылған.

Айта кетейік, 26 қыркүйекте қос ел басшылары екі субъект арасында әкімшілік шекара орнату туралы ортақ шешімге келген болатын. Келісімді ратификациялау үшін 35 депутаттың 17-сі қолдап дауыс берген. өңірлер арасындағы шекараны бекіту туралы келісімге қол қойған. Алайда Ингушетия халқы бұл шешімге түбегейлі қарсылық білдіріп, наразылық шараларын ұйымдастырды.

"The Qazaq Times"