Канада билігі журналист Жамал Хашоггидің өліміне қатысы бар деген 17 адамға санкция жариялады. Бұл туралы Канаданың Сыртқы Істер Департаменті мәлімдеп отыр.
Онда « Аталған санкция журналист Жамал Хашоггидің өліміне тікелей қатысы бар адамдарға арналады» делінген. Сондай-ақ, құжатқа сәйкес барлық кінәлі азаматтардың Канада еліндегі активтері тоқтатылып, Сауд Арабиясының шекарасынан шығуына тыйым салынған.
Қазан айында Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығына кірген Жамал Хашоггидің өлі денесі арада бірнеше күн өткеннен кейін бір-ақ табылды. Тергеу жұмыстарына сүйенсек, журналистті ғимаратқа кіргеннен кейін бірден буындырып өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Сол секілді мұның алдын ала жоспарланған қылмыс екендігі де анықталып отыр. Қазіргі таңда бұл іске қатысы бар деген 18 Сауд Арабиясының шенеунігі қамауға алынды. Бұдан бөлек, тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның да аталған оқиғаға тікелей қатысы бар екендігі де тексерілуде.
Дәл осы жаңалықтан кейін бірнеше ел Сауд Арабиясына қару тасмалын тоқтатып, түрлі санкциялар енгізуді көздеп отыр.
АҚШ президенті Дональд Трамп тақ мұрагерінің бұл іске қатысы жоқ екендігін мәлімдеген болатын. Алайда, Республикашыл-сенаторлар ЦРУ-дың мәлімдемесін күтуде. Олардың ойынша, Ақ үй Эр-Риядпен арадағы экономикалық байланысты үзгісі келмей отыр. Бірақ, ЦРУ басшысының мәлімдемесінен кейін АҚШ тарапынан да Эр-Риядқа қарсы санкция салынуы мүмкін.