Тунистіктер Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның келуіне қарсы наразылық шеруге шықты.
Қатысушылар қолдарына "Тунис жерінде арамдыққа жол жоқ", "Мұхаммед бин Салманды тунистіктер күткен жоқ", "Йемен балаларын өлтіруді тоқтату керек" деген сөздері бар плакаттарды ұстаған.
Сонымен қатар, заң ассоциациясының мүшесі, шеру қатысушыларының бірі Тахир Яхья да тақ мұрагерінің қандай мақсатта келсе де Тунис жерінде орын жоқ екендігін ашық түрде мәлімдеді.
Сауд Арабиясының тақ мұрегері Мұхаммед бин Салман өткен аптаның бейсенбі күні журналист Жамал Хашоггидің қазасынан кейін алғаш рет шет елдік турнеге шыққан болатын. Өзінің сапары кезінде араб әмірлігінің бірнеше елдерінде болып, Аргентинада өтетін "Үлкен жиырмалық" саммитіне қатысуды жоспарлаған. Алайда, тақ мұрагерінің Туниске баруы наразылықпен басталды. Ары қарай қандай болатындығы да белгісіз күйде қалып отыр.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі