Киев тұрғындары Ресей елшілігінің алдында наразылық шарасын ұйымдастырды.
150-ден астам адам жиналған ереуіл Керчь бұғазындағы жағдайға байланысты болып отыр. Бетін тұмшалаған бірнеше шеруші ғимарат маңындағы көліктерді өртеп жіберді. Ереуілге шыққандар: «Ресей жасаған әрекетке қарсымыз. Сол атыс салдарынан Украинаның алты әскері ауыр жарақаттанды. Жағдай қиындап кетті», – дейді.
25 қараша Ресей Керчь бұғазында Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесін басып алып, оқ атқан. Украина президенті Петр Порошенко Ресейдің бұл әрекетін «басқыншылық» деп атап, олардан Азов теңізінде ұсталған Украина әскери кемелері мен теңізшілерін дереу босатуды талап етті. Ал Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл әрекетке қатысты Батыс елдерін айыптады.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті