Азов маңындағы жағдай шиеленісіп барады. Бұл оқиғаға қатысты Ресей СІМ Сергей Лавров Батыс елдерін айыптады.
БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі шұғыл кездесу өткізіп, екі ел арасындағы мәселені талқылайтын болды. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл оқиғаны «Украина тарапынан жасалып отырған арандатушылық әрекет. Сол себепті Киевті және осы іске итермелеп отырған Батыс елдерін орнына қою керек» – деген мәлімдеме жасады. Қанша дегенмен Мәскеу өз кінәсіздігін айтып, бой бермей отырғанмен, Еуропалық Одақ құрамындағы мемлекеттер Ресейді қатаң сынға алды. Олар Ресей тарапынан теңіздегі кемелердің еркін қозғалысын қайта қалпына келтіруді талап етіп отыр.
Айта кетейік, 25 қарашада Украинаның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс қызметі елде соғыс жағдайын енгізуді ұсынған болатын. Оған Ресейдің арнайы барлау қызметі Украинаның әскери теңіз күштерінің үш кемесін басып алып, соққы жасағаны себеп болды. Мұнымен қоса Ресей Қара теңізде Украина кемелеріне оқ атқан. Салдарынан Украина теңіз әскери күшінің бірнеше әскері жарақаттанды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы