Американдық SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Американың "Axios" басылымына берген сұхбатында өзінің Марсқа бару ықтималдығы 70 пайыз екендігін айтты.
«Біз жақында технология саласында бірнеше жаңалықтар аштық, нәтижесінде мен содан қуат алып, жігерлендім», - деді ол. Оның айтуынша, Марсқа ұшу билетінің бағасы шамамен екі жүз мың доллар болады.
Сондай-ақ, компания басшысы бай адамдардың мұндай сапарға шығуға тәуекелге бара бермейтінін атап өтті. Өйткені, "Марста өлу ықтималдығы Жерге қарағанда әлдеқайда жоғары" деді ол.
Өткен жылдың қыркүйек айында Илон Маск SpaceX компаниясы Марсқа ұшатын арнайы зымыранның және де Жердің бір нүктесінен екіншісіне бір сағаттан да аз уақытта жететін зымыран дайындалып жатқандығын айтқан болатын. Оның атауы - BFR. Масктың айтуынша, олар компанияның барлық жетістіктерін BFR зымыранын жасау үшін пайдалануда.
Алдын ала болжам бойынша, аталмыш зымыран Марс пен Айға ұшуы мүмкін. Зымыран алдымен жақын жердегі орбитаға жетіп, жанармай құю жұмыстарын жүргізеді. Содан соң, тиісті жеріне дейін тоқтамай ұшады. Атап айтқанда, аталған технология Жер серігінде арнайы база құру үшін Жерден Айға және кері қарай ұшуы тиіс.
Айта кетейік, алғаш рет 2016 жылы SpaceX компаниясы 2020-2025 жылдарға қарай Марсқа ұшу жоспарда бар екенін айтқан болатын.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі