Пәкістан ақпарат құралдары хабарына қарағанда, кеше түнде (16 ақпан) Пәкістанның оңтүстігіндегі Синд Сеһуан жеріндегі мешіттердің бірінде жанкешті шабуыл болып, салдарынан 50 адам өліп, 200 адам жараланды. Бұл туралы қытайдың «Sina.Net» хабарлайды.
Лаңкестік шабуыл кеше кеште, сол елдің астанасынан 200 шақырымдағы Сеһуан жеріндегі Lal Shahbaz Qalandar атты мешіттер орын алған. Жергілікті полицейлердің айтысында, бір жанкешті шабуылшы мешітке кіріп, дүрбелең тудыру мақсатында гранатты адамдар арасына лақтырған. Алайда, гранат жарылмай қалған. Іле-шала ол өзіне байланған жарылғышты жарып жіберген. Гонконгтің "Шығыс-Network" сайтының хабарына қарағанда, өлгендер саны әзірге дейін 100 -ден асқан.
Бұл реткі террорлық шабуылды "Ислам мемлекеті" ұйымы үстіне алған. Пәкістан үкіметі оқиғаға байланысты тиісті шаралар жасауда. Өлгендер мен жараланғандар саны көп болғандықтан, бұл Пәкістанда туылған ең ауыр лаңкестік шабуылдардың бірі болып саналады.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау