ЭКСПО-2025 дүниежүзілік көрмесі Жапонияның Осака қаласында өтетін болды.
Жапония дауыс берудің екінші турында Екатеринбург қаласын артта қалдырды. Парижде дауыс беруді өткізген ұйымның твиттерінде Осака қаласының екінші турда 92 дауыс, ал Екатеринбург қаласының 61 дауыс жинағаны мәлім болды. Екатеринбург сондай-ақ, ЭКСПО-2020 көрмесін өткізуге де ұсыныс білдірген. Бірақ, дауыс беру қорытындысы бойынша Дубай басым түсті. Енді экспозиция Осакада 2025 жылдың 3 мамыры мен 3 қарашасы аралығында болады.
Айта кетейік, дүниежүзілік ЭКСПО көрмесі бес жылда бір рет өткізіліп, алты айға дейін жалғасады. Алғашқы ресми халықаралық көрме 1851 жылы Лондонда өткен.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес