АҚШ әскери күштерінің комитет мүшесі Род-Айленд штатының сенатор-демократы Джек Рид Дональд Трампты Жамал Хашогги өлімі туралы ЦРУ-дың мәлімдемесін жалған ескертті деп, айыптап отыр. Оның айтуынша, Сауд Арабия тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман  журналистің өліміне тікелей тапсырма берген.

Саясаткер CNN телеарнасына берген сұхбатында журналистің, АҚШ президенті тергеу туралы нақты шешімді айтты ма деген сұрағына: «ЦРУ Сауд Арабиясының тақ мұрагері Жамал Хашоггидің өліміне тікелей қатысы бар екендігін анықтады, бірақ, Трамп оны басқаша жеткізді» деп мәлімдеген.

Оның ойынша, ЦРУ мұндай шешімде тергеу кезіндегі фактілер мен сараптама қорытындысына сүйенген.

Сонымен қатар, Сенатор Эр-Рияд пен Ақ үй арасындағы қаржылай байланыстың өте мықты екендігін жеткізді. Осылайша Дональд Трамп бір мезетте саудиялықтардың тұтқынына айналып кеткен.

Бұдан бұрын АҚШ басшысы «ЦРУ бұл іске тақ мұрагерінің қатысы жоқ екендігін айқындады» деп мәлімдеген еді.

Естеріңізге сала кетейік, Жамал Хашогги 2 қазанда Ыстамбұлдағы Сауд Арабия консулдығында ізім-ғайым жоғалып кеткен. Бірнеше күннен соң марқұмның дене бөлшектері қала маңынан табылды. Өткен аптада Сауд Арабиясы Хашоггиді консулдықта «қылқындырып өлтіргенін» мойындап, халықаралық қауымдастықтың қатаң сынына ұшырады. Бұл тарап «Хашогги ісіне» қатысы бар он сегіз адамды тұтқынға алды және жоғары шенді бес кеңесшіні лауазымынан айырды.

“The Qazaq Times”