Түркия әуе күштерінің Ирак жеріндегі әуе операциялары әлі толастамады. Түрік ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Ирак солтүстігіндегі түркиялық әуе күштерінің шабуылдары аптасына 2 рет жасалады. Соңғы әуе операциясы осыдан бір күні бұрын Кандил және Метина аймақтарында жасалды.
Түркия әуе күштері операциядан кейін мәлімдеме жасап, кезекті әуе операцияларының аталған аймақтағы қарулы террорлық топтарға, олардың қару-жарақ қоймалары мен бекіністеріне бағытталғанын, шабуылда террорлық топтың 5 содырын өлтіргенін айтты.
Түрік әуе күштерінің бұдан бұрынғы шабуылы 19 қарашада жасалған болатын. Онда Кандилден тыс Авашин-Басян, Хафтанин аймақтары нысанаға алынған. Сол ретте Түркия қолбасшылық Бас штабы арнайы мәлімдеме жасап, операцияда 14 террористі жойғанын айтқан.
Ирактың солтүстігіндегі Мосул қаласына жақын аймақтардағы бекіністердің көбі күрд қарулы топтарына тиесілі. Сүрия және Түркияға шекаралас таулы аймақтарда күрд қарулы топтары Анкара билігін қатты алаңдатады.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес