АҚШ Сауда департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы (Department of Commerce, Bureau of Industry and Security, BIS)дүйсенбі күні технологияларды экспорттауға тарихтағы ең қатаң бақылау енгізілуі мүмкін деген аңдатпа хабар таратты. Яғни, осы хабарлама арқылы жобаны қоғамдық талқыға ұсынған.
Үкіметтің қатаң реттеуі мен бақылауына алынатын 14 түрлі технология тізімі жасанды интеллект, чиптер, кванттық есептеу, робототехника, бетонды басып шығару және дауыстық эпизод технологиясы қатарлыларды өз ішіне қамтыған. Бұл ұлттық қауіпсіздікті және жоғары технологияларды қамтитын озық технологиялардың негізгі саласы болмақ.
, Қытайға тікелей бағытталған шара екендігі айтылмаған. Дегенмен, айтпаса да, Қытай Құрама Штат технология экспортының ең үлкен базары. Құрама Штаттың бұл шарасынан Қытайдың көптеген жоғары технология компаниялары ауыр соққы қабылдайды. Айталық, Қытайдың ірі технология компаниясы Huawei-дың чип технологиясының жартысынан көбі Құрама Штатқа байланған. Сондай-ақ, қытайлық ZTE сынды ірі коммуникациялық компаниясы чиптердің үлкен жеткізілімі АҚШ-тың чип компанияларына байланған. АҚШ-тың экспортқа шектеу қоюы мүмкін деген бұл жаңалық ZTE-ны алаңдатуда. Тіпті, осыған дейін де түрлі қысымда қалтырап тұрған компания күйреуі де мүмкін.
Ең қызығы, АҚШ Сауда департаментінің аталған аңдатпа хабарламасының мерзімі Уашингтон уақыты 19 қарашадан бастап, Бейжің уақыты 19 желтоқсанға дейін деп белгіленген. Сондай-ақ, Құрама Штаттың өзге департаменттері де бақылау тізімін жаңартады, талқыға салады және өз ұсыныстарын қоса алады.