Оңтүстік Кореяның Бірігу министрлігінің өкілі кеше жасаған мәлімдемесінде, Оңтүстік Корея тарабы екі Корея арасындағы келісімді біртіндеп жүзеге асыруға тырысуда. Осы бағыттағы бір қатар құлшыныстардың ішіне жыл соңына дейін Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның Оңтүстік Кореядағы ресми сапармен келуін ұйымдастыру ісі де кіреді.
Екі Корея биыл қыркүйекте үшінші реткі «Мүн-Ким келіссөзі» кезінде Ким Жоң Унның Оңтүстік Кореяға сапары секілді бірқатар келісімдерге қол жеткізген болатын. Алайда, АҚШ-КХДР арасындағы ядролық қарусыздану мәселесінің келіссөздеріне байланысты Ким Жоң Унның сапары кейінге қалдырылды.
Жақында АҚШ-КХДР ара-қатынасында оң даму болды. Өткен аптада Құрама Штат өз азаматтарын босатқаны үшін Солтүстік Кореяға ризашылығын білдірді. Солтүстік Корея тарабы АҚШ азаматы Лоренц Орталық барлау агенттігінің агентті екенін, Солтүстік Корея территориясына заңсыз кіргенін айтқан еді. Ядролық қарусыздану мәселесі бойынша келіссөздер өз дегеніне жетпегенімен, АҚШ пен Солтүстік Корея көп мәселеде түсіністік тауып, жақындасып келеді.
Егер жыл соңына дейін Ким Жоң Ун Оңтүстік Кореяға ресми сапар жасайтын болса, онда бұл тарихта алғаш рет Сеулге ресми сапармен келген КХДР басшысы болып қалмақ. Сәуірде, екі ел арасындағы қарусыздандырылған аймақ Панмынжомда Түстік және Терістік корей мемлекеттерінің басшылары алғаш рет кездесті. Дегенмен, Корей түбегіндегі соғыстан бері қарай Корей Халықтық Демократиялық Республикасының басшысы Сеулге сапар жасамаған.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау