Македония астанасы Скопье қаласында үкімет саясатына қарсы ереуіл өтті.
Македония Республикасы мен Греция арасында ресми атауға қатысты дау отыз жылдан бері шешімін тапқан жоқ. Соған байланысты жақында қос мемлекет арасында келісімге қол қойылып, елдің атауын «Солтүстік Македония» деп ауыстыру керек деген шешім қабылданған. Осы келісім аясында жергілікті билік НАТО мен Еуропалық Одақ құрамына кіру үшін Македония Республикасына жаңа ресми атау бермек. Алайда, Македония халқы елдің конституциялық атауын әлемнің 142 мемлекеті мойындағанын айтып, жаңа заңға түбегейлі қарсылық білдірді. Парламент ғимаратының алдына жиналған жұрт конституцияға өзгерістердің енгізілуін құптамайды. Наразы топ осы реформаны жүзеге асыруды қолға алған премьер-министрдің отставкаға кетуін талап етті. Ал Греция тарапы әлі күнге дейін ел атауын өзгертуді талап етіп отыр.

















Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі