Түркиялық БАҚ Башар Асад күштерінің атысты тоқтату бітімін бұзып, Идлиб аймағындағы тұрғындар шоғырлы аймақтарда қарулы шабуылды жалғастырып жатқанын хабарлауда. Осыған дейін Башар Асад үкіметімен шетелден қолдау тапқан сепаратистер арасында, Идлиб аймағының жағдайын жеңілдету мақсатында атысты тоқтату бітіміне келген еді.
Хабарда айтылуынша, жексенбі күні таңертеңнен басталған артиллерия және зымыран шабуылдары, Идлибтің оңтүстік аймағында Жерженаз бен Темание аудандарына бағытталған. Сүрия үкіметінің кезекті шабуылында қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы анық мәлімет жоқ. Түркиялық БАҚ Сүрия оппозиция күштеріне сілтеме жасай отырып, шабуылдың аса сұрапыл болғанын айтады.
Идлиб аймағы Сүрия оппозициясының соңғы тиянағы болған. Оған қоса бұл аймақтың тұрғындар саны да біршама көп, әрі шоғырлы орналасқан. Идлибте тараптар арасында қандай-да бір қақтығыс болса бұл аймақта жүз мыңдаған жазықсыз тұрғындардың жапа шегетіні мәлім болған. Халықаралық қауымдастық пен елдегі басты ойыншылар келіссөздер арқылы Идлиб жағдайын жеңілдету үшін атысты тоқтату келісімдерін жасасты. Соның бірі 17 қыркүйекте Сочиде жасалған. Алайда одан бері де Башар Асадқа қарасты қарулы күштердің оғынан 25 жазықсыз тұрғын қаза тауып, оннан астам адам жарақат алған.