Прагада мыңдаған адам премьер-министр Андрей Бабиштің отставкаға кетуін талап етіп, наразылыққа шықты.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылар Бабиштің өз қызметін астыртын пайдаланып, көп мөлшерде қаржы жымқырғанын айтты. Сонымен қатар, митинг премьер-министрдің ұлы – кіші Андрей Бабиштің өз әкесіне қатысты «Еуропа Одағынан дотация алуда қаржыны теріс мақсатта пайдаланды және осыған қатысты іс бойынша тергеуден құтылып кетті» деген ақпаратты жариялаған соң өтті. Мәскеу тарапы бұл шеру мен ақпаратты «арандатушылыққа» балаған. Наразылықтан соң, Чехия сенаты Андрей Бабишті отставкаға кетуге шақырды. Жұма күні парламент үкіметке сенім білдіру мәселесін қайта қарайтын боп шешті.

Еске сала кетейік, 13 қарашада чехиялық «SeznamZpravy» сайты Андрей Бабиштің ұлынан сұхбат алған болатын. Сұхбатта оның ұлы өзін Ресей визасымен Мәскеуден күштеп Қырымға апарғанын айтқан. Ал премьер-министр Андрей Бабиш журналистерге ешқандай астыртын әрекеттердің болмағанын және ұлының Қырымға заңды түрде барғанын айтты.

"The Qazaq Times"