Мексикаға жеткен мигранттар АҚШ-қа таяп қалды.
Америкаға ағылған босқындар мен жергілікті тұрғындар арасындағы шекаралық байланыс шиеленісе түскен. Қазірдің өзінде жеті мыңға жуық босқын Керетаро штатына дейін жетіп, елдің солтүстік батысындағы Тихуана қаласына қарай жол тартты. Бұған қатысты АҚШ-тың Иммиграциялық және кедендік бақылау қызметінің басшысы Кевин Макэлинэн: «Босқындарды еліне қайтарамыз. Америка көшбасшысының мәлімдемесіне сай, құқық бұзуға және заңсыз әрекеттерге жол бермейміз», – дейді.
Америка президенті Дональд Трамп мемлекет шекарасын жабуға бұйрық беріп, қарулы əскер жіберген. Соған қарамастан, Мексикаға қайықпен барып, шекарадан заңсыз өтіп жатқандар легі артты. Өз еліндегі әділетсіздік, зорлық-зомбылықтан қашқан келімсектер шекараны асып өтуге дайын.
Айта кетейік, бір ай бұрын Гондурастан бет алған алты мыңға жуық босқын Мексика шекарасына жетіп, ары аспақ болған. Мексика қауіпсіздік күштері мигранттарға тосқауыл болып, ірі қақтығыстар орын алды. Шекарадағы дауды шешу мақсатында Гватемала мен Гондурас тарапы келіссөз жүргізуді жоспарлаған болатын. Алайда, келіссөзден нақты нəтиже шыққан жоқ.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы