Ресей президенті Владимир Путин Франция басшысы Эммануэль Макронның «Жалпы Еуропалық армия» құру туралы ұсынысына оң пікірін білдірді.

«Негізінен Еуропаның экономикалық білімі өте күшті, сол секілді экономикалық одағы да жақсы дамыған, жалпы айтқанда олар тәуелсіз, жеткілікті және қауіпсіздік жағынан да мықты болуға әбден лайықты» деп Парижге барған сапары барысында мәлімдеді.

Сонымен бірге Францияның да бұл жоба барысында үкен рөл ойнайтындығын, бұдан бөлек Еуропалық армияның НАТО-дан бөлек болуына да мүмкіндік бар екендігін тілге тиек етті.

Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Макрон бұл жобасымен ешқандай маңызды тақырыпты қозғамаған. Себебі, әрбір он жылдықта жалпы еуропалық армия құру туралы тақырыптар болып тұрады. Алайда, еуропалық әскердің бір бөлігі НАТО армиясы болғандықтан, өзге мемлекеттер артық шығын шығаруға бара қоймайтындығын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, Франция президенті Эммануэль Макрон «Жалпы Еуропалық армия» құру туралы ұсыныс тастаған болатын.

“The Qazaq Times”