Аустрияда «Ресей тыңшысы» қамауға алынды. Бұл туралы «Kronen Zeitung» газетінің ресми сайты хабарлады.
Аустрия армиясының 70 жастағы отставкадағы полковнигі арнайы барлау кезінде қолға түскен. Қорғаныс министрлігінің өкілі Михаэль Бауэрдің айтуынша, ұсталған полковник «Аустрия әскери барлау қызметі, артиррелия, авиацияға қатысты мемлекеттік құпия мәліметтерді» Ресейге жасырын түрде жіберіп отырған және «өз міндетін мінсіз атқарған». Мәліметтер бойынша, Аустрия әскерінің штабында жұмыс істеген ол әр екі апта сайын «ресейлік басшыдан» тапсырма алып, деректерді спутниктік байланыс арқылы жіберіп отырған. Тыңшылық қызметі үшін оған 300 мың еуро көлемінде төлемақы берілген. Қазіргі уақытта офицердің үстінген қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Аталған іске қатысты Аустрия канцлері Себастьян Курц Ресейдің бұл әрекетін сынға алып, «тыңшылықтың шегіне» балады. Сондай-ақ осы даудан кейін Аустрия сыртқы істер министрі Карин Кнайсльдің Ресейге жоспарланған сапары тоқтатылады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді