Британдық хабар тарату саласындағы Ofcom қадағалау органы ресейлік RT, «РЕН ТВ» және «НТВ Мир» телеарналарын насихаттық хабар таратқаны үшін қатаң тексермек. Бұл туралы BBC хабарлады.
Литвадағы теле және радиохабарларын тарату жөніндегі орталық ресейлік телеарналарға «жалған хабар таратушы» деп шағым түсірген. Себебі британдық лицензия бойынша Еуропалық Одақ елдеріне хабар тарататын телеарналар екінші дүниежүзілік соғыс кезінен Литваға қатысты ақпараттарды 180 градуста бұрмалап берген. Осыған орай сәрсенбіде Ofcom басшысы Шарон Уайт Британия парламентінде «Ресей телеарналарына қарасты біршама шағым келіп түсті. Олар үгіт-насихат жүргізумен айналысуы әбден мүмкін. Сол себепті біз тексеру шараларын қолға алдық» – деді.
Уайттың айтуынша, RT телеарнасына қатысты Украинаның шығысындағы қарулы қақтығыс, Сүриядағы жағдай, Скрипальдардың улануы және т. б. әртүрлі тақырыптарды құбылтып бергені және ақпараттық соғыс жасауды мақсат еткені анықталып, тергеу жүргізілуде. Қандай жаза қолданылатыны Ofcom тергеуі аяқталған соң белгілі болады.
Жалпы ресейлік телеарналар соңғы жылдары жиі сынға ұшырап келеді. Екі жыл бұрын Ofcom Литваның шағымы бойынша «НТВ Мир» телеарнасын қайта тергеген болатын. Осы жылдың мамыр айында RT телеарнасы күдікке ілініп, лицензиядан айырылуға аз-ақ қалған еді. Оған Скрипальдарды улады деген күдіктілермен фантазияға толы жалған сұхбат шығаруы себеп болған. Сол кезде Ofcom қаһарына іліккен Crosstalk жаңалықтар бағдарламасы жұмысын уақытша тоқтатқан болатын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді