Түркіменстанда Өзбекстан президентінің ескерткішінің алдында суретке түсуге тыйым салынған.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, Түркменабад қаласының полициясы Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовке қойылған ескерткіш алдында суретке түсуге рұқсат бермеуде.
Былтыр наурыз айында Ислам Каримов көшесінің бойында Өзбекстанның тұңғыш президентіне арналған ескерткіштің ашылуына екі ел басшылары қатысқан болатын.
Каримовтің ескерткіші алдында не үшін суретке түсуге болмайтыны белгісіз. Жергілікті билік өкілдерінің пікірлерін білу мүмкін емес. Ал полиция қызметкерлері тек осындай бұйрық алғанын айтады. Қалада Каримов мүсіні күні-түні күзетіледі.