Facebook компаниясы Иранмен байланысты 82 аккаунтты жойды.
Белгісіз адамдар Facebook пен Instagram әлеуметтік желісінде фейк аккаунт ашқан. Жойылған аккаунттар көші-қон, нәсілшілдік, зорлық-зомбылық және лаңкестік тақырыпта арандатушылық ақпараттар таратып, мемлекет басшыларына қатысты карикатуралық суреттер жриялап отырған. Олардың негізгі мақсаты – халық арасында билікке қарсы көзқарас қалыптастырып, қоғамдық ойды бұрмалау.
Фейк аккаунттар әр хабарды «америкалық және британдық ақпарат көздерінен алынған сенімді ақпарат» деп жариялап отырған. Digital Forensic Research Lab зерттеу орталығының мәліметінше, аталған топтардың негізгі аудиториясы либералды көзқарастағы америка тұрғындарынан құралған. Сондай-ақ бірер уақыт ішінде АҚШ және Ұлыбритания ішінде миллионнан астам оқырман жиналған. Қазіргі уақытта Иранмен қатысы бар деген осындай 82 аккаунт жабылып, Facebook және Instagram-дағы өзге де топтар тексеріліп жатыр.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел