Кеше, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео америкалық теле жүргізуші Хью Хьюиттке берген сұхбатында, Қытайға қарата ескерту ретінде, кез-келген арандату әрекеттеріне Құрама Штаттың қатаң жауап беретінін, кез-келген аймаққа жауап беретінін атап өтті. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
Трамп үкіметінің АҚШ-Қытай арасындағы бәсекелестік қарым-қатынасты толық сезініп отырғанын айтқан Помпео, Қытайдың кейбір әрекеттер АҚШ-тың қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын айтады. Айталық, зияткерлік меншік құқығын ұрлау, сауда теңсіздігі, Оңтүстік Қытай теңізіндегі қайшылықтар, сондай-ақ, Қытайдың ғарыш саласы мен әскери қуатын дамыту істерінің бәрі де АҚШ-тың түбірлі мүддесіне қауіп төндіретінін айтады.
Аталған сұхбатта, Помпео Қытайдағы азаматтардың діни сенім бостандығының тапталып жатқаны туралы да сөз етеді. Ол Шынжаңдағы мұсылман азшылықтардың «үйрену лагерлеріне» қамалып жатқанын және христиандардың қысым көріп отырғанын алға тартқан. «Президент Трамп әлдеқашан үкіметтен бұл мәселелерді елеулі түрде шешуді талап етті. Бұл адам құқықтарын құрметтемейтін елдердің билігін сынап қана қоймай, есесіне, АҚШ пен әлем елдерінің ықпалы арқылы түбірінен шешуге әсер етеді», – деді Помпео.
Соңғы кездері, Шынжаңдағы «үйрену лагерлері» әлемдің қауымдастықтың наразылығын қозғады. Құрама Штат осыған байланысты Шынжаңның үкімет басшыларына және Бейжіңдегі кейбір лауазымды тұлғаларды өз санкциясының тізіміне енгізген болатын. Алайда, Қытай билігі бұл лагерлерді экстремизмге қарсы күресудің әдісі ретінде көрсетуге тырысып келеді.
Помпео осылармен қатар дамушы елдерді, әсіресе Латын Америкасындағы елдерге Қытайдың экономикалық шабуылынан сақ болу туралы ескертті. Ол Ши Жинпиңнің басшылығымен Бейжің соңғы үш-төрт жылда жаңадан дамып келе жатқан елдерді «Бір белдеу, бір жол» жобасы арқылы инвестициялап отырғаны, Латын-Америкасындағы елдерде де 500 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция салуы АҚШ-тың аймақтардағы ықпалының орынын алмастыру екенін айтқан.
АҚШ пен Қытай қазір сауда соғысының ең қызу кезеңінде тұр, әрі бір-бірінің тауарларына жазалаушы тарифтерді енгізді. Ал, екі ел басшылары 29 қарашада Буэнос-Айресте келіссөз кездесуінде жүздеспек.