АҚШ-тың маңызды қорғаныс ведомстволары жұма күні бірлескен мәлімдеме таратып, АҚШ-тағы сайлауға шетелдің араласуына қарсы ұжымдасқан күрес жүргізетінін мәлімдеді. Бұл туралы Құрама Штаттағы басылымдар жария етті.
Бірлескен мәлімдемені АҚШ Ұлттық барлау басқармасы, Әділет департаменті, Федералдық Тергеу бюросының және Ішкі қауіпсіздік департаментінің директорлары жасаған.
Аталған мәлімдемеде: «Біз Ресей, Қытай және Иранды қамтыған өзгеде елдердің Құрама Штаттағы демократиялық жүйеге деген сенімге нұқсан келтіріп, қоғамдық көңіл-күй мен мемлекеттік саясатқа ықпал етуінге тырысып жатқан әрекеттеріне алаңдаушылық білдіреміз. Бұл әрекеттер 2018-2020 жылдар арасындағы АҚШ-тағы сайлаулардың нәтижесі мен қоғамдық шешімдерге әсер етуі мүмкін», – делінген.
Сондай-ақ, мәлімдемеде аталған елдер АҚШ-тағы қоғамдық ой-пікір мен мемлекеттік саясатқа әсер ету үшін, түрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, дау-дамайды, әлеуметтік тартысты өршітуі мүмкін екенін айтқан. Және қоғамдық талас-тартысты қоздыра түсу үшін ағылшын тіліндегі шағын жарнамаларды да пайдалануы мүмкін екенін ескерткен. Бұлар сайлаудағы кандидаттар туралы немесе шетел туралы жалған ақпараттарға құрылған болуы мүмкін екендігінде айтады.
Дегенмен, АҚШ қорғаныс ведомстволары қазірге дейін қандайда бір сайлау нәтижесін өзгерту немесе дауыс санауды болдырмас үшін инфрақұрылмдарды бүлдірушілерді анықтағаны туралы мәлімет бермеген.
Естеріңізде болса, осыған дейін АҚШ тарабы 2016 жылғы сайлау нәтижесіне араласты деп Ресей үкіметін айыптаған болатын. Және алдағы сайлауға байланысты АҚШ-тың демократиялық жүйесіне әскер етпек болған деген айыппен Бейжің билігін де сынға алған болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді