Сауд Арабиясындағы ресми сапарын аяқтаған АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео бүгін, 17 қазан күні Түркияға ат басын тірейді. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлаған болатын.
Помпео Сауд Арабиясының орталық қаласы Эр-Риядта 2 қазан күні жоғалып кеткен оппозициялық журналист Жамал Хашоггидің ісіне байланысты келіссөз өткізді.
Естеріңізде болса, Жамал Хашогги Түркиядағы Сауд Арабиясының елшілігіне кіргеннен кейін із-түссіз жоғалған болатын. Түркия тарабы оны сауд арабиялық агенттердің өлтіргенін айтып мәлімдеме жасаған еді. Алайда, Сауд үкіметі бұл мәлімдемені жоққа шығарған болатын.
Ал, АҚШ үкіметі Сауд Арабиясының Хашогггиді өлтіргені расталса ауыр жаза күтіп тұрғанын айтқан.
Еуропалық елдер де Хашогги ісіне байланысты Сауд Арабиясы мен Түркияның бірлескен тексеру алып баруын талап еткен болатын.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Помпео бұл сапарында Түркия СІМ басшысы Мевлут Шавушоғлумен кездеседі.