Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігі таратқан хабарға қарағанда, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Біріккен Ұлттар Ұйымы Күштері сейсенбі күні Корей түбегінің солтүстік-оңтүстік шекарасындағы демилитаризацияланған аймақта алғашқы үшжақты келіссөздер өткізді.
Қыркүйек айында Пиоңяң (Пхеньян) саммитінде Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея БҰҰ-ның әскерилендірілген аймағына жауапты үшжақты консультативтік топ құруға келісті, бұл әлемдегі ерекше қорғалатын аудандардың бірінде қарусыздануды күшейтуге бағытталған.
Оңтүстік Кореяның Қорғаныс министрлігінің хабарына қарағанда, Панмунжомдағы үшжақты жабық кеңеске қатысқан тараптар жекелеген полковниктерін тағайындаған. Бірақ, келіссөздің толық мазмұны туралы ақпарат таратылмады.
Солтүстік Кореяның орталық қаласы Пиоңяңдағы Оңтүстік-Солтүстік Корея келісімі екі тараптың да әскери жаттығуларын тоқтату келісімін қарастырған болатын. Оған қоса, шекара сызығында әскери ұшақтардың ұшуын, қарусыздандырылған аймақта миналарды болдырмау және күзет бекеттерін біртіндеп жою қатарлы мәселелерге келіскен.
Тараптардың келісіміне сай, бірлескен қауіпсіздік аймағында барлық қару-жарақтарды алып тастайды, олардың әрқайсысы 35-ге дейін қауіпсіздік қызметкерлерінің санын азайтады және бақылау жабдықтары туралы ақпаратпен бөліседі. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореядан, Солтүстік Кореядан және шетелден келушілер Біріккен Қауіпсіздік аймағында еркін жүре алады.
Бұл келісімдер Оңтүстік-Солтүстік Корея арасындағы және БҰҰ мен Солтүстік Корея арасындағы бейбіт келісімдердің қадамын жиілете түсті.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау