«Ресми Лондон Еуроодаққа қарсылық білдіруі тиіс» – деп мәлімдеді Ұлыбритания экс-сыртқы істер министрі Борис Жонсон.
Жонсон "The Telegraph" басылымында жарық көрген мақаласында: «Бас бұзарларға қарсы тұратын уақыт жетті. Екі жылдық қысымнан кейін Ұлыбритания Еуроодаққа қарсылық білдіруі тиіс. Ұлыбритания Еуроодақпен еркін тауар айналымы негізінде құрылған келісім бойынша жұмыс істеуі керек. Лондон осы келісім шартқа қол жеткізуі тиіс. Бұндай келісім қазіргі уақытта Канада мен Еуроодақ арасында бар. Ұлыбритания осы келісімді негізге ала отырып жұмыс істеуі тиіс» - деп жазған.
Естеріңізге салайық, Борис Жонсон Ұлыбритния СІМ қызметінен ресми Лондонның «Еуроодақ құрамынан шығамыз» деген шешімімен келіспейтіндіктен кеткен.