Түркия соты америкалық пастор Эндрю Брансонды қамаудан босатты. Бұл туралы «Reuters» хабарлады.
Пастор Эндрю Брансон Түркияда 2016 жылдан бері қамауда отырған. Оған 2016 жылы Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасамақ болғандардың іс-әрекетіне қатысы бар деген айып тағылған. Пастордың сотқа тартылуы қос мемлекет арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың ушығуына әкелді. Осы оқиғадан соң Құрама Штаттары Түркия ІІМ мен Әділет министрлігі басшыларына қарсы санкция салды.
Ресми Вашингтон осыған дейін Брансонның кінәсі жоқ екенін айтып, Анкарадан пасторды босатуды талап етті. Бірақ Анкара нақты шешім шығармағандықтан, АҚШ түркиялық тауарларға салық көлемін арттырып, жоғары лауазымды шенеуніктерге санкциялар енгізді. Ал Режеп Тайып Ердоған екінші тарапқа қарсы жауап ретінде Түркия халқын доллардан бас тартуға үндеді.
Ресми мәліметтер бойынша, Анкара соты қамауда отырған америкалық пастор Эндрю Брансонды Түркия мен АҚШ басшыларының құпия келісімі нәтижесінде бостандыққа шығаруға келісім берген. Бірақ екі тарап та бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді