АҚШ Мемлекеттік департаменті сейсенбі күні мәлімдеме жасап, 8 қазанда Помпео мен Қытай СІМ Уаң Идің Бейжіңдегі кездесуде, бір-бірін ашық айыптауы екі елдің КХДР мәселесіндегі біржақтылығына әсер етпейтінін айтты. Бұл туралы VOA жаңалықтар қызметі хабарлады.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі Хизер Науерт (Heather Nauert) тілшілердің сұрауларына берген жауабында: «Солтүстік Кореяны ядросыздандыру мәселесінде Қытай үкіметі өздерінің нені қолдайтындарын талай рет айтылып жүр. Корей түбегін ядросыздандырудың маңыздылығы барлығымызға анық, сондықтан, олар бізбен бірге болатынына сенемін»,- деді.
Өзін «Бейбітшілік жаршысы» ретінде көрсеткісі келетін Бейжің билігі, Солтүстік Кореяның ядролық қарусыздануын қолдаған сыңай танытып келеді. Дегенмен, Трамп пен Ким Жоң Ун кездесуінің алдында Уашингтон тарабы АҚШ-КХДР келіссөздеріне Қытайдың кедергі келтіріп отырғанын да айтқан болатын.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы