Сүрияның оппозициялық күштері Идлиб аймағынан шегіне бастады. Оппозиция күштерінің аталған аймақтан шегінуі Сочиде өткен келіссөз кезінде бекітілген болатын. Бұл туралы «Анадолы» ақпараттық агенттігі хабарлады.
Сүрияның үкіметке қарсы күштері Еркін Сүрия армиясының өкілі мәлімдеме жасап, үкіметке қарсы әскери күштердің Идлиб аймағынан ауыр қаруларын шығара бастағанын айтқан. Дегенмен, Башар Асад күштерінің шабуылынан сақтану мақсатында жеңіл қарулы жасақтар аймақта қалдырылатынын, аймақта режим күштеріне қарсы дайындық шараларының әлі де жалғасып жатқанын ескертті.
Мәліметке қарағанда, Еркін Сүрия армиясына қарасты ауыр қаруларды аймақтан шығаруға Түркия тарабының бақылауында.
Түркия мен Ресей басшыларының Сочидегі қол қойған келісімен сай алдағы уақытта Идлибте қақтығыссыз аймақ жасалады. Қақтығыссыз аймақтардың қауіпсіздігі Ресей және Түркия әскерлерінің бақылауына қалдырылмақ.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді